1 маусымнан бастап блокпостар алынады

Қазақстан қалалары арасындағы блокпостар алынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлімдеді.

Ол мәлімдемесінде «Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан қалалар арасында блокпостарды алып тастау шешіміне сәйкес, 5 маусымнан тасымалдау шараларын жандандыру бойынша жұмыстар іске асырылады», – деді

Осыған байланысты денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың да айтары бар. Ол фейсбуктегі парақшасында «сақтану шаралары күшінде қалады» деп отыр. «Сонымен бірге азаматтарды осы эпидемиядан қорғауымыз керек. Әйтсе де эпидемияға қарсы шаралар, соның ішінде шектеу шаралары күшінде қалады. Карантиннің бірнеше кезеңі бар. Ел ішіндегі қозғалысты шектеуді алып тастау – аймақтар бойынша коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы реттеліп, теңесіп қалғанын білдіреді. Яғни адамдарды ары қарай қозғалыстан шектеудің қажеті жоқ. Әйтсе де ең бірінші кезекте жұмыста, қоғамдық орындар мен көліктерде эпидемияға қарсы шараларды сақтау ережелерінің талабы күшінде болады. Оны сақтанудың маңызы зор.Маскасыз жүргендер қаншама. Сауда орындарында да талаптарды орындамай жүргендер көп. Бұндай жағдайда өте қатаң шараларды іске асыруға мәжбүр боламыз. Ең бастысы – инфекцияның таралуы қаупі азайғаннан кейін карантин тәртібі жеңілдетіліп келе жатқанын түсінуі керек. Алайда инфекция ешқайда құрып кеткен жоқ», – деп жазба қалдырды денсаулық министрі.

«АА» ақпарат

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.