Онлайн концерт ойдағыдай өтті

Әр жыл сайын жайдары жаздың алғашқы күні ерекше мерекелік көңіл күймен басталатын. Таң сәріден аудан орталығында әуездің әннің үні естіліп, бүлдіршіндерге тегін тәттілер таратылып, көңілді  ойындар  да ұйымдастырылып,  «Наурыз алаңы» балалардың бақытты алаңына айналатын.

Дегенмен биылғы жылдың басты оқиғасы балалар мерекесінің жылдағыдай жоғары деңгейде өтуіне өзінің кері әсерін тигізбей қоймады. Біраз мерекелік іс-шаралар шегеріліп, тек үйден отбасымызбен онлайн режимде концерт  тамашалауға тура келді.

Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Бақытты балалық шақ» атты онлайн концерт  мәдениет үйінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында тікелей эфирде өтті.  Күміс көмей әнші балапандар мен мың бұралған биші бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып, экран сыртындағы қалың көрерменге барынша көтерінкі көңіл күй сыйлауға тырысты. «Ертегілер», «Достарым менің золотой», «Анашым», «Арманға сенемін» атты белгілі әндермен бастау алған концерттік бағдарлама бишілердің тамаша биімен ұласып, өзге де көңілді әндермен жалғасын тапты.

Ерекше үлгіде өткен осынау концерттік кеш көпшіліктің көңілінен шықты деген үміттеміз.

Мереке күні кешкілік арнайы концерттік бағдарламалар ұйымдастырылмаса да  балаларын жетектеген ата-аналардың қарасы қалың болды. Жақында карантиннен кейін ашылған  «Жастар» саябағында балаларға арналған ойын алаңдарында бабаларын ойнатып, тәттілер сатып әперіп, отбасыларымен серуендеп жүрген адамдардың көптігі көз сүріндіреді.

Бала- өмірдің гүлі, бақытымыздың бастауы, ғұмырымыздың жалғасы. Олардың бақытты ету әр ата алдындағы ерекше міндет екені айқын. Олай болса шат күлкісі мен жарты әлемді шаттыққа кеңелтетін балаларымыздың болашағы жарқын, армандары асқақ болсын.  Сәбилер  жыламасын!

Өз тілшіміз

Күнжамал Серікқызы

(сурет аудандық мәдениет үйінің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды)

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.