БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Ауданымыздағы Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі ауданымыздағы іргелі білім ошақтарының бірі. Мектептің аты ауданымыздан шыққан талантты актер Әнуар Боранбаевтің есімімен аталғандықтан болар, шәкіртері де мектептің атына кір келтірмей, жақсы оқып, биітерден көрініп келеді. Түрлі білім сайыстарына қатысып, жақсы жетістіктерімен қуантуда. Мектепте білімді де өнерлі шәкірттер тәрбиелеп жүрген тәжірибелі ұстаздар аз емес. Мектеп ұжымы  жас мамандармен жыл сайын толығып келеді. Биылғы жылы бұл мектеп 2019-2020 оқу жылын толағай табыстармен, жағымды жаңалықтармен аяқтап отыр. 

Осы орайда мектеп директоры  Салих Махат Жеңісұлымен сұхбаттасқан едік.

– Салих Жеңісұлы! Биыл мектептеріңізде жақсы жаңалықтар көп болып жатыр екен. Оның үстіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы қоғам санасына үлкен серпіліс әкелген елеулі оқиға болғаны анық. Аталған бағдарламада Президент «Туған жерге туыңды тік деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріне, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады ғой. Осы орайда жерлестеріміз жақсы істің жаршысы болып жатыр екен, осы туралы кенінен айтып өтсеңіз?

-Ия, дұрыс айтасыз. Мектеп ұжымы биылғы оқу жылын ерекше жағдайда аяқтап отыр. Олай дейтінімі, биылғы жылы тұңғыш рет 11- сынып оқушылары Науан Айтбайұлы «Алтын белгі», ал Нұржалғас Бақытқалиұлы «Үздік аттестат» иегері атанды. Бұл Ә.Боранбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде тұңғыш рет тіркеліп отырған елеулі оқиға. Осы уақытқа дейін мектебімізде «Алтын белгі» мен «Үздік аттестат» игерлері тіркелмеді. Әрине,бұл мектебімізде білім сапасы төмен деген сөз емес.Мектеп бітіріп кеткен түлектеріміздің ішінде жақсы оқып, ҰБТ-дан жоғары бал алып, жоғары оқуға түсіп, грант игері болғандар аз емес. Олар казіргі таңда облысымыздың әр қаласында, қала берді ауданымызда жемісті еңбек етіп жүр.

 Тағыда бір жағымды жаңалық — «Аяп» отын базасының директоры, кәсіпкер Сағидолла Аяпов пен белгілі кәсіпкер Әбіхан Боранбаев 7 млн. теңгеге заманауи талапқа сай етіп «Роботатехника» кабинетін жабдықтап берді. Енді мектеп оқушылары жаңа технологияларды меңгеріп, құлтемірді бағындырып, оқу үрдісінде жаңа ғылым түрлерімен қалыптастыра алады. Қолы ашық, жаны жомарт жандарға ұстаздар мен оқушылар дән риза.Мектебімізге демеушілік жасап жүрген кәсіпкерлеріміз аз емес. Солардың ішінде мектеп республикамызға танымал актер Әнуар Боранбаевтың атында болғандықтан, ағамыздың ұрпақтары қамқорлық жасауда.Мектепті күрелі жөндеуден өткізіп, түрлі мәдени-іс шараға демеушілік танытып жүргенін, оқырман қауым аудандық газеттен оқып біліп жүрген шығар.Биылғы жылы мектептің жанындағы щадғай ауылдағы балалар жатып окитын интернатқа «Ауыл- Ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржы бөлініп, күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл да қуанарлық жағдай.

-Ұстаздың басты міндеті – білімді шәкірт тәрбиелеу. Мектебіңіздегі білікті ұстаздардың жеткен жетістіктері туралы да айта отырыңыз…

– Мектебімізде білікті ұстаздар аз емес. Атап айтатын болсам, республикалық сайыстардан физика пәнінің мұғалімі Гүлнар Жанбосынова «Үздік педагог» байқауында І орын, биология пәні бойынша Бақыткүл Шәкіржанова 1 орын, математика пәні бойынша Нұрай Жұмақанова І орын, USTAZ tilegi зияткерлік олимпиадасында

бастауыш сынып мұғалімдері Айгүл Бейсенбаева және Торғын Мағзумова бастауыш сынып мұғалімдерінің сайысында жүлделі 1 орындарды иеленді.

Республикалық «Мұғалім портфолиосы» номинациясы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Ақбота Құрманғалиева І орын, Республикалық «Алтын күз» сурет байқауынды даярлық тобының тәрбиешісі Гүлден Мағзумова алғыс хатпен марапатталды.

Қазақ тілі және әдебиетін пәні мұғалімі Әсел Мирамова республикалық шығармалар байқауында жүлделі І-ші орынды иеленді.

– Ұстаздардардың біліктілігі оқушылардың білім сайыстарында жеткен жетістігі арқылы бағаланады. Сондай оқушылар бар ма? Атап өтсеңіз?

– Әрине бар, таланты, өнерлі, дарынды оқушылар мектебімізде көптеп саналады.Республикалық физикадан пәні бойынша өткен Ұлттық интернет NIO .KZ олимпиадасында І-ші дәрежелі дипломмен Динара Махат, І-ші дәрежелі дипломмен Назерке Маратқызы, І-ші дәрежелі дипломмен Диас Тәупкелов, І-ші дәрежелі дипломмен Ақбота Қадыржанова марапатталды , жетекшісі Гүлнар Жанбосынова.

Qaztest.kz сайты I Республикалық «Қазақстан үміті» олимпиадасында Бағзат Өмірсерікұлы, Ердәулет Карим,Абылайхан Қалиден І орын, Ажар Нұрлан ІІ орын Есимова Назерке ІІІ-ші орын иеленді, жетекшісі Айгүл Бейсенбаева. «Кемел» өнер-білім орталығы ұйымдастырған «Ғажайып қыс» республикалық сурет және қолөнер байқауы сайысында 1 сынып оқушысы Арсен Балғабек жүлделі І орын, жетекшісі Ақбота Құрманғалиева. Қалиден Нұртөре «Қол өнер» сайысына қатысып, 1 орынды иеленді. Жетекшілері көркем еңбек пәні мұғалімдері Таңатқан Берденов пен Жасұлан Нұрбаев. Ал, 10 сынып оқушысы Айсұлу Мейрамқызы «Дарынды дарабоздар» республикалық балалар энциклопедиясына енді.

– Мектеп басшысы ретінде, алдағы мақсаттарыңыз?

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлді. Сондықтан да, біз білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу жолында алдымызға мақсат, міндеттерді қойып, сапалы білім беруге ұстаздарымызды жұмылдырамыз. Мектебімізден дарынды, білімді оқушылардың санын арттыруда еңбек етеміз. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.

– Салих Махатұлы! Бүгінгі сұхббатыңызға үлкен рахмет. Мектептеріңіз әрқашан жоғарғы деңгейден көріне берсін. Мектебіңізден жыл сайын «Алтын белгі» иегерлері көптеп шыға берсін!

– Рахмет! Ауданымыздың айнасы, жаңалықтың жаршысы «Аманкелді арайы» газетінің ұжымына шығармашылық табыс тілеймін! Газеттің алда келе жатқан 85 жылдық мерейтойы құтты болсын! Оқырмандарыңыз көп болсын!

Сұхбатты жүргізген Г. СМАЙЛОВА.

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.