Облыс басшысы әкімдіктің кеңейтілген отырысын өткізді

Бұл туралы облыс әкімі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында баяндады.

«Отырыс барысында 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру талқыланды.
Ағымдағы жылы облыста 19 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде Мемлекеттік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары, жеке бастамалар аясында – 8 мыңнан астам жұмыс орны. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 10,3 мың адам өтініш білдірді, оның ішінде 9,9 мың адам бағдарламаға қатысушылар болды.

Осы бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлер жеңілдікті шарттармен несие ресурстарын алуға мүмкіндігі бар: кредит беру мерзімі – 7 жыл, кредит сомасы – 2500 АЕК–ке дейін, зәкірлік кооперацияны дамыту үшін – 8000 АЕК-ке дейін, сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% – дан аспайды.
Ағымдағы жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде 2019 жылғы ауыспалы қаражатты ескере отырып, қалаларда шағын кредит беруге жалпы 542,1 млн.теңге қарастырылған.
Бағдарламаның бағыты сонымен қатар «Атамекен» кәсіпкерлер үйінде кәсіпкерлік бағытында білім алуға мүмкіндік береді, ағымдағы жылы 1400 адамды оқыту жоспарлануда.
«Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасының мақсаты тұрғын үйдің қолжетімділігі мен жайлылығын арттыру және тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Ағымдағы жылы тұрғын үй саясатын іске асыруға бюджеттен 18,6 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде: 2,0 млрд. теңге халықтың әлеуметтік осал топтарына 7 жалға берілетін үйдің құрылысы, 8,1 млрд. теңге 34 несиелік үйдің құрылысы, 7,3 млрд. теңге инженерлік коммуникацияларды жүргізуге, 1,2 млрд. теңге көп балалы отбасыларға 108 пәтер сатып алуға.
Ипотекалық бағдарламаларды іске асыру басталғаннан бері 1200 отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартып, оның ішінде «7-20-25» бағдарламасы аясында – 1007 отбасы, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша – 193 отбасы.
Кеңейтілген отырыс қорытындысы бойынша қала және аудан әкімдеріне мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын ерекше бақылауға алуды тапсырдым»,- деп жазды аймақ басшысы.

«АА» АҚПАРАТ

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.