АУДАНЫМЫЗДА БАССЕЙН САЛЫНЫП ЖАТЫР

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегіміз әлдилеп өтпейтін жан баласыболмайды» – деп туған жердің қасиетін ерекше бағалайды.Иа, қанша шет жүрсең де алғаш топырағына табаның тиіп, алғашқы қадамдарыңа куә болып, сүріңгенде балшығы да балдай көрінетін, өзенінен шомыла жүріп, су ішетін қасиетті мекен әр адамның жүрек түкпірінде мәңгі қалары сөзсіз.

«Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді» демейді ме өлең шумақтарында. Бүгінде жат жерде жүрсе де туған жерге деген ілтипаты мен құрметі ерекеше, үнемі туған өлкеге қарайласып, қолынан келгенше көмек қолын созып, ауылдың көркеюіне үлес қосып жүрген азаматтарымыздың көптігі жасырын емес. Сондай ел ағаларының бірі, ауданымыздың перзенті, ҚазҚСР еңбегін сіңірген құрылысшы, белгілі меценат. ҚР Президентінің құрмет дипломымен марапатталған, «Алтын адам» номинациясының екі мәрте иегері, «Тілеп» қайырымдылық қорының президенті – Ысқақов Сапар Ысқақұлы.Балалық шаттығы мен қуанышы естелік болып қалған туған жеріне тұңғыш рет өзі басшылық етіп отырған «Тілеп» қайырымдылық қорының атынан қаржы бөліп,аудан тұрғындары үшін тың жаңалық болған бессейн ғимаратын тұрғызбақшы. Бүгінде Б.Майлин көшесінде атаулы ғимараттың құрылысы басталып та кетті. «Костанайпроект» ЖШС құрылыс ұйымының сызбасы негізінде қолға алынған жобаның жалпы көлемі 0,16 га құрайды. Құрылыс жұмыстарын жасап жатқан мердігер компания «Костанай ангар строй» ЖШС. Қолға алынған жобаның ойдағыдай өтуі мен жасалу барысын баса назарына алған «Амангелді ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің» басшысы Нұрлан Молдашұлы Қойшыгұлов мен Ринат Рафкатұлы Искаков.

Күнжамал КЕНЖЕАХМЕТОВА,

өз тілшіміз

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.