АДАМ ЖАНЫНЫҢ АРАШАСЫ

21 маусым медицина қызметкерлері күні

    Жыл сайын маусым айының үшінші  жексенбісінде   еліміз Медицина қызметкерлерінің  күнін атап өтеді. Бұл күн әлемдегі барлық дәрігерлердің белсенді әрекеті мен тілектестік күні ретінде саналады. Мереке тек абзал жанды дәрігерлердің ғана емес, барлық халықтың мерекесі. Жаны қысылғанда, дертінен айғуға асыққанда біз міндетті түрде дәрігер кеңесі мен тәжірибесіне жүгінеміз.
Жанар Рамазанқызы Каканова басқаратын аудандық ауруханада 19 жоғары білімді дəрігер, 124 медбике, яғни орта білімді мамандар жұмыс жасайды. Орталық аурухананың хирургия, терапия, балалар бөлімдері бар. Мұның сыртында 2 дəрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істейді. 2 дəрігерлік амбулаторияның біреуі – Амантоғай ауылдық округі орталығында, екіншісі – Үрпек ауылдық округінің орталығында. 2 фельдшерлік-акушерлік пунктің бірі – Қарасу ауылында, бірі – Байғабыл ауылында жұмыс істейді.17 акушерлік пункт бар. Ауылдық округтерде орта буынды 8, 2 жас маман жұмыс істейді.
Жыл сайын аудан ауруханасы жас мамандармен толығып отырады. Биылғы жылы да ауданымызға жаңадан 1 хирург, 1 терапевт және 4 жас маман келеді деп күтілуде.
Ауруханада медицина күні қарсаңында медицина қызметкеткерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында облыстық кәсіподақ ұйымының марапатын 24 дәрігер, облыс әкімінің Алғыс хатымен 1 дәрігер, денсаулық басқармасының Алғыс хатымен 5 дәрігер, аудан әкімінің Алғыс хатымен 3 дәрігер, аудандық аурухана кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен 5 дәрігер марапатталып сый-сияпат көрсетілді.
Медицина қызметкерлері күні қарсаңыда ақ халатты абзал жандарды мерекелерімен құттықтап, халықтың алғысына бөлене беріңіздер демекпіз.


Ернұр ӘУЕЗХАН, өз тілшіміз.

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.