Аудан әкімі Әмірхан Біркенұлы Асановтың Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтауы

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді, осы аптада, яғни 23 маусым күні аталып өтетін мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі.
Амангелді ауданының жергілікті атқарушы билігі аппараттарында мемлекеттік қызметшілердің саны штаттық кесте бойынша 115 бірлікті құрайды. Ұйымдастырушылық және кадрлық іс-шаралардың жүзеге асырылуы арқасында ауданның мемлекеттік органдарында, қызметшілердің сапалық құрамы елеулі түрде жақсарғанын айта кету керек. Соңғы жылдары жоғары білімді қызметшілердің саны көбейген. Мемлекеттік қызметшілердің 80% жоғары білімді, 20% арнайы орта білімі бар. Жаңа қызметкерлердің келуі есебінен де жаңару сезіледі. Бүгінде аудан бойынша мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы 41 жасты құрайды. Ауданның мемлекеттік қызметкерлері ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына уақытпен санаспай еңбек етуде.
Құрметті мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызметтің ардагерлері!
Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбегіңізге сәттілік тілеймін! Қазіргі таңда барлық әлемді жайлаған індет жойылып, барлық қиындықты халық болып еңсеріп, мамыражай күндерде халық игілігіне жұмыс жасай берейік деп тілек білдіремін.
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен, аудан әкімі Әмірхан АСАНОВ

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.