БАСТЫ МІНДЕТ – ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ

Қазіргі дағдарыс пен пандемиядан қоғам да, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар да сабақ алып жатыр. Ауданымызда санитарлық – эпидемиялық қызмет жүйесін дамытуға және қолдауға тиісті жұмыстар жалғасуда. Осы бағытта санитарлық-эпидемиялық жүйесін реформалауда кәсіпқой мамандардың кеңесі өте маңызды екеніне ешкім күмән келтірмес.​ ​ Медицина қызметкерлері күні қарсаңында біз осы сала қызметкерлері туралы да айта кетуді жөн көрдік.

Арманбек Несіпбекұлы Оспанбек -​ Аманкелді аудандық тауарлар​ мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына көп жылдан бері​ басшылық жасайды, өзі эпидемиолог маман. Қарамағында бес мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Оның екеуі – бөлім басшысы әрі санитарлық дәрігер болса,​ екі қызметкер​ -​ эпидемиолог-жетекші мамандар, бір санитарлық- жетекші маман​ әдіскер ретінде еңбек етіп жатыр.​ Бұл қызметкерлер​ отыз жылдық өтілі бар тәжірибелі мамандар. Олардың басты міндеті – әр түрлі жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу.

​ ​ Аталмыш мекемелердің қызметкерлері​ – халықтың денсаулығын сақтау мен тiршiлiк ету ортасын қорғау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарын​ бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу жөнiндегi​ функцияларын атқарады. Санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шаралар – тiршiлiк ету ортасы факторларының адамға зиянды әсерiн жоюға немесе азайтуға, жұқпалы, паразиттiк аурулардың пайда болуына және таралуына, жаппай улануды болдырмауға және оларды жоюға бағытталған шараларды жүзеге асырады. Аталмыш ұжым аудан халқының жұқпалы індеттен қорғау шараларына аянбай еңбек етуде.

​ Ал, білікті басшы Софияхан Қабиқызы басқаратын аудандық ұлттық сараптама орталығында 16​ адам қызмет атқарады. Бұл мекеме 4 бөлімнен тұрады.​ Олар – бактериялогоиялық және паразиттік лабаротория. Мұнда​ 5 қызметкер еңбек етеді.​ ​ Санитарлық гигиеналық лаборатория бөлімінде -3 қызметкер, ал дизенфекциялық лабароторияда – 2 қызметкер, шаруашылық бөлімдерінде – 6 қызметкер абыройлы еңбек етуде.​ Аты айтып тұрғандай бұл бөлімнің басты қызметі​ ​ сараптама жасайды.​

Биылғы Медицина саласы мамандары күнін толағай табыстармен қарсы алып отырған аталмыш​ ұжым қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап,​ ​ ​ отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімізді білдіреміз.

Гүлдана ФАЙЗУЛЛИНА, өз тілшіміз

​ ​

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.