«Жастар рухы» Жастар қанатының мақсаты айқын ⠀

11-14 шілде күндері «AMANAT» партиясының жастар қанатының кезектен тыс VI cъезі Ақмола облысы, Зеренді ауылында да өтті. Еліміздің барлық өңірінен 350-ге жуық жастар бас қосты. «AMANAT» партиясының жастар қанаты – 105 мыңнан астам адамды біріктіретін елдегі ең ірі жастар ұйымы.

Съезге біздің облысымыздан 11 делегат сайланды. Делегаттар құрамында  біздің ауданымыздан аудандық мәслихатының депутаты, Қостанай облысы әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кенестің мүшесі Айбек Мырзағалиұлы  Таңатбаев болып, қатысып  қайтты.

Осыған орай  үстіміздегі жылдың 21 шілдесі күні Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Амангелді аудандық филиалының ұйымдастыруымен Айбек Мырзағалиұлымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге аудан жастары қатысты. Кездесу кешті «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Досымов Марал Досымов жүргізіп отырды.

Айбек Мырзағалиұлы – жастайына еңбекке ерте араласқан, ауданымыздың белсенді, іскер жаңашыл жастарының бірі. Ол өзінің еңбекқорлығының арқасында  «Бердіқаз» атты көп салалы жеке кәсіпкерлігін ашып казіргі таңда халыққа қызмет жасап келеді.

Ол аудан, облыс көлемі бойынша қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Жастай кәсіпкерлікпен айналысып, аудан экономикасының дамуына да ат салысты. Әсіресе елімізде індеттің өршіп тұрған шағында Аманкелді, Науырзым аудандарының аурханаларын аралап, науқастармен кездесіп, оларға билік тарапынан, «Қызыл ай» ұйымдары тарапынан көмек көрсетуге ықпал жасады. Қаңтар оқиғасы кезінде де жастар арасындағы бұзақылыққа жол бермеу жұмыстарын түсіндіріп, халықты бірлікке шақырған ақпарат таратты.

Аудан жастары саясатын жүргізіп, оларды түрлі қайырымдылык іс-шараларға жұмылдырды. Бірнеше қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ол өзінің жан-жақты белсенділігмен аудан, облыс жастарына үлгі бола білді.

Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде ауданымыздағы шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелерді шешуге ат салысып жүр.

 Еңбектегі жетістіктері үшін аудан облыс әкімдерінің  Грамоталары мен  қоғамдық ұйымдардың  бірнеше Алғыс хатымен мараптталған.  Биылғы жылы  Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне орай мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысып «Шапағат» медалімен марапатталды.

Кездесуде  Айбек Мырзағалиұлы 4 күнді қамтыған 17 облыс 3 қаладан келген делегаттар бас қосқан жастар форумында алған әсері мен көтерілген тың бастамалар, тәжірибе алмасу барысындағы әсерлерімен бөлісті.
–  Съезд барысында жастар қанатын трансформациялаудың жаңа бағдарламасы қабылданып, Орталық кеңестің құрамы мен жастар ұйымының атауы өзгертілді. Енді «Жас Отан» емес  «Жастар Рухы» деп аталады. Жастар қанатының атауын өзгерту туралы ұсынысты Еуро-2022 үздік бомбардирі болған «Қайрат» футзал клубының шабуылшысы Біржан Оразов білдірді.
 
Онда Президент Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атады. Олар – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет.
Біріншіден, Мемлекет басшысының айтуынша, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елді алға бастайды, болашақтың кілті цифрлық технология мен инновацияда. Сондықтан бірнеше тіл біліп, түрлі кәсіп игеру жастардың қолынан келеді. Президент атап өткендей, еліміз бәсекеге қабілетті болуы қажет. Халқымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсарту керек.
Президент білімді әрі білікті өрендер ғана биік мақсатқа жете алатынын айтты. Елге тірек болу  – әрбір жастың мұраты. Ел жастардан тың бастамалар және озық идеялар күтеді.

Екіншіден, жастар адал еңбекті бағалап, рухы биік, санасы сергек болуға тиіс. Жаңа за­манның жақсы қасиеттерін бойға сіңіре отырып, жаһанданудың жағымсыз әсерлерін де естен шығармау керек. Мемлекеттік мүдде бәрінен биік тұруы керек екенін айта келіп, Президент әрбір жасты ана тілін, ата дәстүрін, төл тарихын білуге үндеді.

Үшіншіден, отаншылдық қасиет туралы Мемлекет басшысы әркім қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезіну керек екенін, туған елге құрмет жалынды сөзден емес, жасампаз істен көрінетінін, алдына мақсат қойған азамат нағыз мемлекетшіл тұлғаға айналатынын ерекше атап өтті.  Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, аға буынның жастарға зор үміт артатынын, оны жастардың ақтайтынына сенім білдіріп, Съезд жұмысына табыс тіледі.
Өз кезегінде жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев Съезде осыған дейін атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, партияның трансформациясын ескере отырып, жаңа міндеттер айқындалатынын атап өтті. Қазақстанның барлық өңірінен келген делегаттар жастар қанатының қызметін жақсарту бойынша ғана емес, жалпы мемлекеттің дамуы үшін экономикалық, әлеуметтік, мәдени сипаттағы идеяларды ұсына алады.
 
Орталық кеңестің отырысында Алматы қалалық мәслихатының депутаты Серік Есматов, Маңғыстау облысының «Жастар ресурстық орталығының» директоры Абылай Фазылбек, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Ирина Чидунчи, жастар қанатының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш  тағы да көптеген делегаттар сөз сөйледі.
 
Орталық кеңеске жастар ұйымдарының көшбасшылары, Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, ғылым және мәдениет қайраткерлері, атақты спортшылар өатысты.
Форумның жоспарына сәйкес пленарлық отырыстар,  мазмұнды бағдарламалар болды. Яғни, ақпараттық тренингтер, семинарлар, қызықты мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды. Алаудың айналасында отырып, өнерлі жастар  гитарамен ән шырқады
Съезде еліміздің әр өңірінен келген жастар өзара пікір алмасып, билік өкілдеріне өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, нақты жауап алды.

Менде өз кезегімде Вице премьер Ералы Тоғжановқа ауылдық  жерде жер телімдерін бөлу, жастардың мамандардығы бойынша жұмысқа орналасуы, олардың өз кәсіптерін ашуға мемлекеттік гранттар алу бойынша кедергілерді айтып, нақты жауап алдым. Мен көтерген сұрақттар хаттамаға толтырлып, тиісті органдарға тапсырмалар берді.

Жастар – қай уақытта болмасын қоғамның қозғаушы күші. Олардың хал-ахуалы арқылы елдің ертеңі қандай болатынын бағамдап, болашағы туралы байлам айтуға болады. Сол себепті де олардың білімді, жалынды, бәсекеге қабілетті болуы толғандыруға тиіс.

Съезд жұмысы алашапқын ұрансыз, даңғаза дүрмексіз өтіп, өзгеде өңірлер жастарының мәселелерін шешуге сеп болса, негізгі ниеттің, маңызды мақсаттың орындалғаны болар еді. Съезде еліміздің жастарына нақты міндеттер жүктелді. Жаңа Қазақстанды құру үшін бәріміз жұдырықтай жұмылып, еңбек етуіміз керек. Жастар – еліміздің болашағы. Отанымыздың көркеюі жастардың белсенділігіне тікелей байланысты. Менің съезге қатысуым маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан аудан жастарын бойкүйездіктен арылып,  қабинеттерде сағаттап бос уақыт өткізбей еліміздің болашағы үшін өз жұмысымызға жауапкершілікпен қарайық деп айтқым келеді.

Съезд қорытындысында партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов делегаттармен жүздесіп, алғыс хаттармен марапаттады.Жастар бағдарламасы қабылданып, алға қойылған мақсат-міндеттер қабылданды. «Жастар рухы» Жастар қанатының мақсаты айқын. Съезд делегаттарының ой-пікір, ұсыныстарын ескере отыра, әрі қарай нақты істер үшін жұмыс жасамақ, – дейді Айбек Мырзағалиұлы.
Кездесу барысында  жастар сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды. Кездесуге Қостанай облысы әкімінің баспасөз хатшысы Кенже Қонысбай қатысып, жастардың алдында тұрған міндеттерді атап көрсетіп, өз пікірін білдірді.
Кездесу соныңда Айбек Мырзағалиұлы арнайы әкелген сыйлықтарын кездесуге жақсы ат салысқан
бір топ жастарға табыстады.
Жаңа Қазақстан – болашақ жастардың қолында десек Айбек Мрзағалиұлы сияқты  көшбасшы жастарымыз көбей берсін.
 
Гүлбаршын СМАЙЛОВА.

syntas.kz
 

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.