18 ПƏТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Жақында Амангелді ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің  ұсынысымен он сегіз пәтерлі тұрғын үйдің нысанын жөндеу жұмысын жүргізу қолға алынды. Күрделі жөндеуден өткізуге Мәншүк Мәметова көшесіндегі бос ғимарат таңдалып алынды. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрлан Молдашұлының айтуынша құрылыс «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақшы. Құрылыстың мердігері – «Алюминстрой» құрылыс компаниясы. Нысанды салуға облыс бюджетінен 119 млн 667 мың 802 теңге бөлінген. Оның сыртында сыртқы инженерлік желілерді аяқтау үшін облыс бюджетінен 32 млн 689 мың теңге бөлінеді деп күтілуде. Бас аяғы төрт айдың ішінде барлық жұмыстарды бітіру жоспарланған. Енді ғана бастамасын тауып жатқан құрылыста отыз жұмысшы жалданып жұмыс жасауда. Оның он бесі ауданымыздағы жұмыспен қамту орталығының тіркеуінде тұрған азаматтар. Ғимарат толығымен жөнделіп біткесін пәтер кезегінде тұрған тұрғындарға кілті табысталады деген болжам бар. Құрылыстың барысын қадағалауымызша жұмыс ауа райының қолайсыздығына қарамастан қызу жүруде. Уақытынан бұрын аяқталып жатса тіпті жақсы. Осындай жобалар алдағы уақытта да қолға алынып, жүзеге асырылады деп күтеміз. Ауданымыздың көркеюіне үлес қосып жатқан барша азаматтарға алғысымыз шексіз.

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.