Қазақстандықтар  туралы жағымсыз пікір айтқан «Европа плюс Қазақстан» радиосының жүргізушісі жұмыстан қуылды

«Европа плюс Қазақстан» радиосының жүргізушісі Любовь Панова бүгін Facebook әлеуметтік желісінде  ресейлік саясатпен келіспейтін қазақстандықтарға «Вова ағаны көмекке шақыруға» уәде берген пікірі үшін жұмысынан босатылды,- деп жазады Медиазона.

Радиостанцияның ресми мәлімдемесіне сәйкес, Пановамен еңбек қатынасы 28 наурызда тоқтатылды.

Ресейдің Украинаға әскери басып кіруі қарсаңында радиожүргізуші Любовь Панова әлеуметтік желідегі пікірлерге жауап бере отырып, Ресей саясатына келіспейтін қазақстандықтарға «Вова ағайды көмекке шақыруға» уәде берді. Осыдан кейін көптеген әлеуметтік желі қолданушылары жаңалықтар жүргізушісін «дөрекі сөздер айтып, ұлтаралық араздықты қоздырғаны және соғысқа шақырғаны үшін» жұмыстан шығаруды талап етті.

«Европа плюс Қазақстан» Панованың әлеуметтік желідегі жеке парақшасында айтқан ұстанымының радиостанцияның саясатына еш қатысы жоқ екенін айтып, қызметкердің ашық мәлімдемесін тәртіптік комитетте қарауға уәде берді.

syntas.kz

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.