Бұл туралы президент Тоқаев өзінің Твиттер парақшасы арқылы мәлімдеді
Президент Twitter-дегі парақшасында карантин режимінің тағы екі аптаға созылатынын хабарлады. «Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет», – деп жазды мемлекет басшысы.