Облыс басшысы Архимед Мұхамбетов іс-сапармен Рудный қаласына барды.

Қостанай олысы әкімі Рудный қаласына іс сапармен барды. Сапар барысы туралы әлеуметтік желіде жария етті.
«Алдымен «Аят Футзал Арена» спорт кешенінің фитнес-орталығының құрылысын қарап шықтым. Фитнес-орталықта заманауи күштік және анаэробты тренажерлер орналасатын болады. Жаңа фитнес орталықтың құрылысы «Аят» ШФК сапалы дайындығына ықпал етеді, сондай-ақ қала тұрғындары үшін спортпен шұғылдануға жағдай жақсартады. Жобаның құны 700 млн. теңгені құрайды.
Кейін Восточная көшесі бойындағы 50 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қарап шықтым. 5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына 466,4 млн.теңге бөлінді. Құрылыс ағымдағы жылы аяқталады деп жоспарлануда. «ССКӨБ» АҚ металл илектеу зауытының қызметімен таныстым. Зауыт диірмендер мен құрылыс арматураларын ұнтақтайтын шарларды шығарумен айналысады. Зауыт құрылысының жалпы құны 7,5 млрд. теңгені құрады. Жобалық қуаты-жылына 75 мың тонна металл илемі. Ағымдағы жылдың 4 айында өндіріс көлемі 1 117,4 млн. теңгені құрады.
Одан әрі қарау алаңынан «ССКӨБ» АҚ Соколов карьерін қарап шықтым. Карьер қызметінің негізгі түрі темір кенін ашық өндіру болып табылады.
Сапар соңында сүт өңдеу және ірімшік өндірумен айналысатын «Лидер – 2010» ЖШС-де болдым. Жобалық қуаты – 17 мың тонна. Ағымдағы жылдың 4 айында өнім өндіру көлемі қолданыстағы бағамен -1 843 млн.теңге, заттай көріністе – 7 644 тонна өнім. Кәсіпорында 250 адам жұмыс істейді, орташа жалақы 130 мың теңгені құрайды.
Сапар қорытындысы бойынша Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязовқа одан әрі әлеуметтік-экономикалық даму жөнінде тапсырма бердім» сапардың маңыздылығына тоқталды.

«АА» ақпарат

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.