ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСАМЫН

Қостанай облысы, Амангелді ауданы,
Байғабыл ауылының депутаттыққа кандидат
Әбдіғали Ардақ Нұрсұлтанқызының
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен – Әбдіғали Ардақ Нұрсұлтанқызы 1984 жылы 8 маусымда Арқалық қаласы, Алуа кеңшарында дүниге келдім. 2001 жылы Аққошқар ауылында орта мектепті тәмәмдап, 2005 жылы Торғай гуманитарлық колледжінің «Бастауыш класта оқыту» мамандығын алып шықтым. 2007 жылы Қостанай гуманитарлық институтының «Қазақ тілі әдебиеті» бакалаврын аяқтап, Арқалық қаласы, Ашутасты савхозында алғашқы мамандығыммен жұмыс атқардым. 2009 жылы Амангелді ауданы, Байғабыл ауылының А. Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде жұмысымды жалғастырдым. 2014 жылы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтына түсіп, «Орыс тілі мен әдебиеті» бакалаврын сырттай оқып, аяқтадым. Қазіргі таңда аталған мектепте орыс тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істеймін. Отбасылы, төрт баланың анасымын.
Мен праймеризге қатысушы кандидатпын.Бұл сөзді біз күнделікті өмірде естіп келеміз.Енді осы сөз төңірегінде бір-екі ауыз сөз айта кетсек. Праймериз –АҚШсаясаткерлерінен бастау алған термин,партия белсенділерін ашық таңдау.Ал қазақ тіліне тәжімалағанда «іріктеу», «алдын ала сайлау» деген сөзге ой келеді.Бұл шараның негізгі мақсаты –партия ішінен көшбасшы дайындау.Біздің еліміз ең алғаш рет праймериз өткізбек. Бұл бастама Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жобасы.
Кандидат ретінде осы NurOtanпраймеризіне қатысамын және де жаңашылдыққа жаны құмар, белсенді көшбасшыларды бірге анықтауға шақырамын.
Менің осы праймеризге қатысудағы басты мақсаттарыма тоқталып өтсем:
-Біріншіден,мен қазіргі таңда декреттік демалыста отырған көп балалы анамын. Өзім сияқтыаналардың бір реттік жәрдемақысын және бала күтіміне байланысты алатын ақысының мөлшерін көбейту, осы көмектің уақытын ұзартуды қолға алу;-

-Екіншіден, мұғалім ретінде мұғалімдердің оқу жүктемесін 16 сағатқа қысқарту және жас мамандарды баспана мен қамтамасыз ету міндетін жүзеге асыру;
-Үшіншіден, өзім ауылдық жерде тұрғандықтан, халықты ауылға тарту барысында мектепалды бүлдіршіндерге арналған балалар саябағын ашуды алға қою;
-Төртіншіден,ауыл тұрғындарына әртүрлі мамандықтарды игерту.

Бесіншіден, ауыл жастарынан құрылған «Еріктілер клубын» жандандыру.

Менің білімді де саналы жастарым, көздері мейірімділікке толы қарттарым, заман ағымынан қалмайтын аға-апаларым және сайлаушыларым!Егерде маған дауыс берсеңіздер жоғарыдағы айтылған бағдарламаларды жүзеге асыруға уәде беремін.
Ендеше маған қолдау білдіріп дауыс беріңіздер!

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.