
Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің ағымдағы жағдайы және 2022 жылға арналған міндеттер туралы баяндамасын тыңдады. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және саланы реформалау шараларына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешен мен ветеринарияны мемлекеттік қолдау жүйелерін жетілдіруге, жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуға бағытталған қадамдармен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық өнімді жаңа нарыққа шығару, ауыл шаруашылығы ғылымын дамыту, көктемгі егіс жұмыстарын сапалы өткізу бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Президент жерді ұтымды пайдалану және пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару процестеріне бақылауды күшейту қажеттігін де атап көрсетті.
syntas.kz