11-14 шілде күндері «AMANAT» партиясының жастар қанатының кезектен тыс VI cъезі Ақмола облысы, Зеренді ауылында да өтті. Еліміздің барлық өңірінен 350-ге жуық жастар бас қосты. «AMANAT» партиясының жастар қанаты – 105 мыңнан астам адамды біріктіретін елдегі ең ірі жастар ұйымы.
Съезге біздің облысымыздан 11 делегат сайланды. Делегаттар құрамында біздің ауданымыздан аудандық мәслихатының депутаты, Қостанай облысы әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кенестің мүшесі Айбек Мырзағалиұлы Таңатбаев болып, қатысып қайтты.
Осыған орай үстіміздегі жылдың 21 шілдесі күні Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Амангелді аудандық филиалының ұйымдастыруымен Айбек Мырзағалиұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге аудан жастары қатысты. Кездесу кешті «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Досымов Марал Досымов жүргізіп отырды.
Айбек Мырзағалиұлы – жастайына еңбекке ерте араласқан, ауданымыздың белсенді, іскер жаңашыл жастарының бірі. Ол өзінің еңбекқорлығының арқасында «Бердіқаз» атты көп салалы жеке кәсіпкерлігін ашып казіргі таңда халыққа қызмет жасап келеді.
Ол аудан, облыс көлемі бойынша қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Жастай кәсіпкерлікпен айналысып, аудан экономикасының дамуына да ат салысты. Әсіресе елімізде індеттің өршіп тұрған шағында Аманкелді, Науырзым аудандарының аурханаларын аралап, науқастармен кездесіп, оларға билік тарапынан, «Қызыл ай» ұйымдары тарапынан көмек көрсетуге ықпал жасады. Қаңтар оқиғасы кезінде де жастар арасындағы бұзақылыққа жол бермеу жұмыстарын түсіндіріп, халықты бірлікке шақырған ақпарат таратты.
Аудан жастары саясатын жүргізіп, оларды түрлі қайырымдылык іс-шараларға жұмылдырды. Бірнеше қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Ол өзінің жан-жақты белсенділігмен аудан, облыс жастарына үлгі бола білді.
Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде ауданымыздағы шешімін таппай жүрген түйткілді мәселелерді шешуге ат салысып жүр.
Еңбектегі жетістіктері үшін аудан облыс әкімдерінің Грамоталары мен қоғамдық ұйымдардың бірнеше Алғыс хатымен мараптталған. Биылғы жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне орай мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысып «Шапағат» медалімен марапатталды.