ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУ

Қайыржан БАЖЕНОВ: ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУ – БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ

Баршамызға белгілі COVID-19 деген атпен танымал короновирус індеті елімізге таралғалы елде дүрбелең басталап, халықтан береке қашты. Дегенмен еліміздегі жоғары қызмет атқарушылар індетке қарсы шараларды жүзеге асырып, арудың алдын алуға барынша тырысты. Төтенше жағдай жарияланып көп іске тоқтау салынды. Індетпен күресу барысында еңбектері ерен жандарды айтып өтпеске болмас. Соның ішінде ақ халатты абзал жандардың сонымен қатар ішкі істер бөлімінің қызметкерлері полиция басқармасы органдарының еңбегі орасан. Олар індетке қарамастан күндіз-түні көз ілмей халықтың амандығын тілеп өз жұмыстарын абыроймен атқаруда. Осы орайда Амангелді ауданының полиция басқармасының басшысы Қайыржан БАЖЕНОВПЕН жүргізілген сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

– Елімізде төтенше жағдай кезінде, аурудыңаалдын алу үшін қандай шаралар ұйымдастырылды? Халықты үйде отыруға үйрету, режимдік шарттарды орындату қиын болды ма? Мамандар жетіспеушілігі туындаған жоқ па?

– COVID-19 пандемиясымен күресу мақсатында, 2020 жылы 15 наурыздан бастап Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы ҚР Президентінің №285 жарлығына сүйене отырып Қостанай облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің, санитарлы эпидемияға қарсы алдын алу іс-шаралары туралы № 12 қаулысына сәйкес Амангелді ауданының полиция бөлімі күшейтілген жұмыс атқаруға көшірілді. Амангелді ауданы 8 маршруттык бағытқа бөлінді. Әр маршрутқа 2 полиция қызметкерлері және екі еріктілер жұмылдырылды. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан берілетін 42500 теңге әлеуметтік төлемді беру кезінде Амантоғай ауылдық округінің почта бөлімшесінде және Амангелді аудандық почтасында адамдардың көп жиналып шоғырлануына байланысты Амангелді ауданының полиция бөлімінің және Амангелді аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері бірлесіп қоғамдық орындарда тәртіпті және санитарлық-дизенфекциялық режимді сақтау үшін қызметкерлер кезекшілік атқарды. Сонымен қатар бөлінген кезекші топ қызметкерлерімен көшелерде, жолдарда, ауылдық округтерде және басқада қоғамдық орындарда төтенше жағдайға байланысты жүрмеулерін, тек қана дәріхана, азық-түлік алуға шығуға болатыны жөнінде 20985 рет түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Жоғарыда айтып өткендей маман жетіспеушілігі болған жоқ.Біздің топқа еріктілер мен санитарлық-дизенфекция бөлімшесінің мамандары көмек көрсетті. Барлығы өз істеріне мұқият қарап, жақсы жұмыс нәтижесін көрсетті. Жұмыс барысында тұрғындармен аздаған қиындықтар болды, қиындықтарға қарамастан қызметімізді сапалы атқаруға тырыстық. Және ол өз жемісін берді деп ойлаймын.

-Жұмыс барысында аздаған қиындықтар болды деп атап кеттіңіз. Демек тұрғындар арасында тәртіп бұзушылар болғаны ғой. Тәртіпке бағынбай, режимді бұзған азаматтарды атап өтсеңіз? Олар құқық бұзғаны үшін заңмен жазаланды ма?

-Ия, атқарылған жұмыс барысында, мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзып, талаптарды орындамағандар болды. Атап өтсем рейдтік жұмыстар кезінде 10 азаматқа ҚР ӘҚБТК 476 бабы 6 тармағымен әкімшілік хаттама толтырылып, істері сотқа жолданды. 3 азаматқа 27780 теңгеден әкімшілік айыппұл салынды, 4 азамат әкімшілік қамаққа алынды, бір азаматқа ескерту берілді, ӘҚБТК 478 бабымен 1 азамат 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, 1 әкімшілік іс қысқартылды. Аталған азаматтарды өзін ғана ойлап, басқалардың денсаулығына ат-үсті қарағаны үшін заңмен жазалау керек деп білдік. Себебі төтенше

жағдай жарияланғанын біле тұра заңсыз іс-әрекетке бару құптарлық дүние емес. ҚР аймағанды тұратын әрбір азамат елдің заңына бағынып, сөзге құлақ асуға міндетті. Заң баршамызға ортақ деп білемін. Мемлекетті іске салғырт қарау ол үлкен жауапсыздық. Біріншіден өз денсаулығына нұқсан, екіншіден өзгелердің өмірінеде қауіпті. Мен өз қарамағымды қызмет атқарушалардың еңбегін ерен деп білемін. Өздерінің денсаулықтарын ғана ойламай, елімізді індет жайлағанда халықтың қауіпсіздігіне алаңдағанын мақтан тұтамын. Қызметіміз болсада қызметтен тыс уақыттада тұрғындар үшін аянып қалмады.

-Шынымен де еңбектеріңізді көп екен. 18 мамырдан бастап төтенше жағдай режимі жеңілдетілді.Осыған орай рейдтік жұмыстар да шектеле ме?

– Президентіміз Қ.Тоқаевтің үндеуімен 2020 жылдың мамыр айының 11-і күні бүкіл ел аумағында сонымен қатар Қостанай облысы Амангелді ауданында төтенше жағдай режимі аяқталды. Осыған байланысты, Торғай-Арқалық, Жалдама-Әулиекөл бағыттарында тұрған мобильді посттар алынды. Алайда, пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Төтенше жағдай режимін алып тастауға қарамастан карантин 11 мамырдан кейін де жалғасады. Осылайша карантин режимі жалғасуына байланысты санитарлық талаптар әрі қарай сақталады. Қауіпсіздік шаралары алдағы уақытта да қатаң сақталуы шарт. Бұл ең алдымен еліміздің тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса қажет. Карантин режимінің қай уақытқа дейін созылатын белгісіз. Біздің топ рейдтік жұмысты тоқтатпайды. Індет толық тоқтамайынша бізде бақылауды тоқтатпаймыз. Төтенше жағдай бітті екен деп, барлық жұмыстарды тоқтауымыз еш негізсіз. Бақылау бұрынғыданда қатты күшеймесе, азаймайды.

Сұхббаты пайдаланып халыққа қандай кеңес айтар едіңіз?

-Айтып өткенімдей біздің жұмысымыз індеттен толық айықпай тоқтамайды. Тұрғындарға айтқанымызға құлақ асуын өтінеміз. Сіздердің амандықтарыңыз, біздің жұмысымыздың көрсеткіші. Полиция қызметкерлерінің шектеуіне мән беріп, дәрігерлердің кеңесін мақұлдаса індеттен тез айығуға мүмкіншілігіміз бар.Ауданымызда індет жұқтырушы тіркелмеседе, сақтық шараларын ұстанбасақ жұқтырмауымызға кім кепіл.Сондықтан ақылға жүгініп, айтқанға көнейік. Полиция қызметкерлеріне көмек жасап, бірлікте жұмылған аудан еріктілер ұйымына және басқада сала қызметкерлеріне алғыс білдіреміз. «Бірлігі күшті ел озады» дегендей, баршамыз ынтымақтастығымызды көрсетейік. Бірлігімізді көрсетіп Жоңғарлар мен Қалмақтарды жер бетінен жойған елге, аурумен күресіп жою деген ештеңе емес. Бастысы ынтымағымыз жарасып,бірлігіміз бекем болсын.

-Уақытыңызды бөліп, сұхбаттасқаныңызға алғыс білдіремін.

Сұхбатты жүргізген: Ернұр ӘУЕЗХАН

өз тілшіміз

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.