ЖАҢА ЖАТАХАНАНАНЫҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

9 маусым күні Аманкелді ауданының әкімі Әмірхан Біркенұлы Асановтың басшылығымен әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға арналған 10 бөлмелі шағын жатахананың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жатахананың ашылуына кәсіпорын, мекеме басшылары және осы құрылысқа өз ерікімен тегін қол ұшын беріп ерікті түрде көмектескен барлық мекеме қызметкерлері шақырылды.

Жатахананы пайдалануға беру рәсімінде, аудан әкімі Әмірхан Біркенұлы жиналғандарды құттықтап тұрып:

-Біз бүгін ауданымыз үшін тағы бір жағымды жаңалық аясында жиналып отырмыз. Алдымызда тұрған мына ғимарат бұрынғы Саз мектебінің пайдалануында болған-ды. Ол мектептің орталыққа ауысуына байланысты біз осы бос тұрған ғимаратты әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға арналған жатақхана етіп салуға шешім қабылданған болатын. Себебі баспана мәселесі ауданымызда әрқашанда өзекті боп келеді. Амангелді ауылдық округ әкімдігі арқылы 15 млн теңге бюджет қаражаты бөлініп, ғимаратқа есік-терезелерін ауыстыру, ішкі-сыртқы төбесі мен едені, қабырғалары қалыпқа келтірілді. Электр жарығы жүргізіліп, су тартылды, кәріз жүйесі іске қосылды, ғимарат аумағына қоршаулар тартылды. Бүгінгі таңда бұл жұмыстар толығымен аяқталып отыр. Құрылыс жұмыстарына арнайы маманданған құрылыс бригадасымен қатар, аудан мекемелерімен мектептерінен құралған еріктілер тобы көмек көрсетті. Бастамамызға қолдау білдіріп, қол көмектерін көрсеткен, осы жұмысқа қатысқан барша мекеме ұжым басшыларына, қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін. Сіздердің бұл еңбектеріңізді ауданымызды одан әрі дамытуға қосқан үлкен үлестеріңіз деп білеміз.

Құрметті жерлестер, бүгін осы жатақханадан пәтер кілтін алатын азамат-азаматшаларды шын жүректен құттықтай отырып, қуаныштарыңыздың еселене беруіне тілектеспін. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін. Қуанышты күндерде кездесе берейік.- деді аудан басшысы.

Бұдан соң, жиналғандарды ауданымыздың кадірменді ақсақалы «Аманкелді ауданының құрметті азаматы» Балтабай Уахитов жаңа жатақхананың ашылуымен құттықтады. Құттықтау сөзден соң, аудан әкімі Әмірхан Біркенұлы мен Аманкелді селолық округінің әкімі Гаухар Мұратқызы жатахана құрылысына белсене ат салысқан мектеп, мекеме басшылары Жанар Рамазанқызы, Мұхаммедәлі Серікұлы, Салих Жеңісұлы, Ғиваз Ақбайзенұлы,Төлеутай Есенжолқызы, Кенжеболат Әлібекұлы, Болат Фазылұлы, Есім Салықұлы, Қайдар Қайырбекұлы, Орал Жакетайұлы, Дүйсенғали Қалибекұлы, Сағынғали Зәкірұлын Алғыс хатпен марапаттады.. Ал, пәтер кілттерін Қалқаман Баймағанбетовке, Несібелді Әлғожинге, Үміт Нұртазинаға, Бибатима Сарыбаеваға, Жансұлу Әмірхановаға, Алмагүл Төлебайға салтанатты түрде табыстап, қоныстарына құтты болсын айтып, отбастарына амандық тіледі. Пәтер кілтін иеленгендер, пәтерлеріне кіріп, шашу шашып, мәре-сәре болды. Осындай қысқа мерзімде жөндеп, аудан халқын ұйымдастырған аудан басшысына ризашылықтарын білдіріп жатты. Олар енді сыңғырлаған жап-жаңа, барлық жағдай жасалған үйде тұратын болады.

Г.СМАЙЛОВА.

Суреттерді түсірген Ернұр ӘУЕЗХАН.

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.