ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына іс сапарымен барды. Алдымен Мақтыаралға, сонан соң Арысқа барып, сапарының соңы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жөндеу жұмыстары барысымен танысады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік УӘЛИ фейсбукте мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мақтаарал ауданына барып, Сардоба су қоймасында болған апаттың салдарын жою жұмыстарымен, зардап шеккен азаматтар үшін салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысады. Онан соң Арыс қаласына барады. Былтыр жарылыс кезінде әскери бөлімді қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, тұрғындар үшін жаңадан салынған және жөнделген үйлерді, қайта қалпына келтірілген темір жол вокзалын аралап көреді. Қазақстан президенті сонан соң Түркістанға келіп, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жөндеу жұмыстарын көріп, «Сапар орталығының» қызметімен танысып, жаңадан салынған «Жібек жолы» саябағын аралайды.

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.