Құрметті ардақты ардагерлер!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін айрықша күн.
Қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – біздің халқымыздың дәстүріне терең орнығып, салт-санасына сіңген қасиет.
  Қазақстанда ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне, шығармашылық әлеуеті мен белсенділігін арттыруға барлық жағдай жасалып келеді. Жыл сайын зейнетақының өсуi, ардагерлердің денсаулығын сақтау, сауықтыру және демалысын өткізуге жағдай жасау, көп балалы аналарды марапаттау сияқты әлеуметтік қолдаулар – еліміздің өркендеп, өсуінің кепілі.
Сіздер қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, даналықтың, парасаттылықтың өнегесі болып, жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне де елеулі үлес қосып келесіздер!
   Сіздерді мерейлі мерекемен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бейбіт те берекелі тірлік тілеймін.

Есім ДАУЫЛБАЙ,

аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы .
 

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.