ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ МЕДАЛЬІМЕН МАРАПТАТАЛДЫ

Биылдан бастап коронавирус пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен азаматтар «Халық алғысы» медалімен марапатталады. Жаңадан тағайындалған марапат медицина, құқық қорғау органдары, әскери сала өкілдеріне берілді. Арасында жағдайы жұтаң жандарға қол ұшын созған волонтерлерге де беріледі.
Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Сүндет Ғаниев аудан әкімінің тапсырмасымен біздің ауданымызда алғаш рет Әсел Нұрланқызы Шіменбаеваны  «Халық алғысы» медалімен мараптатады.

-Құрметті Әсел Нұрланқызы! Сізді  бүгінгі Президент күні мерекесінде ҚР-ның Тұңғыш Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық алғысы» медалімен марапаттауға рұқсат етіңіз.  Бұл медаль халыққа шын жаны ашып, қиын кезде қолұшын созған жандарға деген үлкен марапатты, алғысты білдіреді. Сізге және Сіздің отбасыңызға аудан әкімінің және халықтың тарапынан зор алғысымды білдіремін! Денсаулығыңыз мықты, отбасыңыз аман, өміріңіз бақытқа толы болсын!,- деді аудан әкімінің орынбасары Сүндет Ғаниев.

Ал Аманкелді селолық округінің әкімі Гауһар Мұратқызы: 

-Індет өршіген тұста ауыл азаматтарын ұйымдастырып, ауруханаға көмектестік, көп балалы ата-аналарға да көмектестік. Бірқатар азаматтар аурханаға қымыз апарып табыстады. Көмек қолын созғандар көп болды. Ал Әсел болса  «мүмкіндігім шектеулі жанмын» деп қарап отырмай, мыңдаған маска тігіп, халыққа тегін  таратты. Ел ішінде осындай  үлкен жүректі азаматшаларымыздың барына қуанымыз. Айналайын Әсел, отбасың аман болсын, бала-шағаңның қызығын көр,- деп ізгі лебізін білдірді.

Әсел елді қармағына ілген індет өршіген тұста жанынан өзгенің өмірін артық көріп, халыққа қолдан келген көмегін аянбады. Көп балалы аналарға, балаларға, аз қамтылған отбасыларға масканы тегін апарып берді. Олай болса Әсел Нұрланқызы «Халық алғысы» медальіне расымен лайық емес пе?!

«Менің кішкентай еңбегімді бағалап, үйіме келіп бүгінгі мерекеде арнайы мерекелік медальмен марапаттап, гүл шоғын, сый сыяпатын көрсетіп жатқан аудан басышыларына алғысым зор!»,- дейді Әсел Нұрланқызы.

Г.СМАЙЛОВА. Суретті түсірген Әнет ЖҰМАБЕКОВ

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.