КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК

Мүмкіндігі шектеулі жандарға – кедергісіз орта

Бүгінгі таңда мемлекет мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше назар қойып, ол жандардың қоғаммен біте қайнасып кетуіне айрықша ықылас танытуда. Мүгедектер әлеуметтік нысандарға еркін кіріп-шығуларына жағдай жасалуы аса маңызды. Олар да өзге адамдар секілді өмір сүруге құқылы. Өздеріне тән қажеттіліктері де бар. Осы тұрғыда ауданымызда да кембағал жандарға арналған пандустардың дұрыс  орналасуы басты назарға алынған.

Маусым айының 24-жұлдызы күні «Нұр Отан» партиясы және «Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мекемесі бірлесіп,  аудан орталығындағы  Аудандық әкімшілік, Б.Қолдасбаев атындағы орта мектеп, «Эконай» азық-түлік дүкеніндегі  мүгедектерге арналған пандустардың қаншалықты талаптарға сай жасақталғанынтексеріп, шолу жасады.

Нәтежиесінде Б.Қодасбаев атындағы орта мектебі  көрсетілген талаптарға сай жабдықталып, сыртқы кіреберістен, ішкі мүгедектерге арналған  дәретхана орны мен көлік тұрағы  оңынан сайланған.

Келесі нысан Аудандық  Әкімшілік пен  «Эконай» сауда үйінде орналасқан пандус та аталған талапқа сай негізделген.

Тек орталықта орналасқан Магзумова Жұмакүл иелік етіп отырған азық-түлік дүкенінде мүгедек жандарға қолайлы жағдай жасалынбағандығы анықталды. Арнай пандустың болмауы себепті аталған сауда үйіне ескерту жасалды. Алдағы уақытта ескертулер ескеріліп, оң нәтежиесін береді деген үміттеміз.

К.Серікқызы,

өз тілшіміз

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.