ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында «Nur Otan» партиясы Амангелді аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, облыстық маслихат депутаты Есым Давлетов және аудандық маслихат депутаты Нағашыбай Әбдіғали тыл ардагерлері К.Адрешова мен А.Баязитованың үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтап, арнайы сыйлықтар табыстады.

  •  Бейбіт күнде уайым-қайғысыз күн кешіп отырғанымыз, сұрапыл соғыс жылдарында бейнеттеніп, тылда жұмыс істеп, майданға азық-түлік жөнелтуге атсалысқан Сіздердің арқаларыңыз. Біздің бейбіт уақытта өмір сүріп жатқанымыз және әрбір жаңа күнді қуана қарсы алатынымыз үшін Сіздерге алғыс айтып, басымызды иеміз!»- деді олар.

Тыл ардагерлері  өздеріне көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, батасын беріп, қуанып қалысты.

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.