Жаяу жүргіншілер жолы салынуда

Аманкелділіктер енді баяғыдай топырақ, балшық кешіп, кешкісін тас қараңғыда жүрмейтін болады. Себебі аудан орталығындағы жаяу адамдар көп жүретін бес ірі көшеде жаяу жүргіншілер жолының құрылысы басталды. Бұл жобаға «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» аясында бюджеттен 65 млн 413 мың теңге қаражат бөлініп, ұзындығы 2484,2 шаршы метр жолдың құрылыс жауапкершілігін мердігер компания «Алюминстрой» ЖШС мойнына алып отыр.

Тротуар құрылысы ауданымызға кіреберіс Абай көшесінен бастау алуда. Сондай-ақ, тротуар жолы құрылыс аяқталған соң, түнгі жарық шамдар да орнатылатын болады. Бүгінде жолдың біраз бөлігі төселіп болған. Жаяу жүргіншілер жолының құрылысының қолға алынғаны күнделікті жұмысқа жаяу қатынайтын тұрғындарды қатты қуантып отыр. Олар бұрын жауын-шашын кезінде және қыстың боранды күндерінде қалың қардан аяқ алып жүру тіпті қиын болғанын айтады. «Қыс айларында міндетті түрде тротуар жолы ашылып, жұмысқа барып-келу жеңілдейді» деп қуануда. Тек үлкендер ғана емес, оқушылар да жаңа оқу жылында мектепке барар жолда жаяу жүргіншілер жолымен жүретініне қуанышты.

Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, халықтың өтінішін аяқ асты етпей, арыз талабын ескеріп, тротуар салып, осы істі ұйымдастырып отырған  аудан басшысына және осы құрылыстың басы қасында жүрген азаматтарға аудан халқы дән риза. Жаяу жүргіншілер жолының төселуі  бір жағынан тас жолда көлікпен жағаласып жүрмеу үшін адамдар қауіпсіздігінің алдын-алу болып отыр.

Гүлдана ФАЙЗУЛЛИНА,

өз тілшіміз

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.