ПРАЙМЕРИЗГЕ ҚАТЫСАМЫН

Амангелді аудандық мәслихат депутаттығына кандидат «Нұр Отан» партиясы атынан праймеризге қатысушы Нұрханова Зүбайра Мұсақызының
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ:
Нұрханова Зүбайра Мұсақызы 1966 жылы 10 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы Амангелді ауданы Құмкешу ауылында дүниеге келген.
1981- 1985 жылдары Арқалық педагогикалық училищесіне «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығын бітірген.
1990-1995 жылдарда Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының
«Мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығын бітірген.
1985-1987 жылдарда Құмкешу орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарған.
1987-1998 жылдарда Айтбай жеке бастауыш мектебінде мұғалімдік қызмет атқарған.
1998-2007 жылдарда Құмкешу жалпы білім беретін орта мектептің директордың тәрбие жөніндегі
орынбасары және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі қызметін атқарған.
2007 жылы Құмкешу жалпы білім беретін орта мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
2008-2015 жылдары Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінің директоры қызметін атқарған.
2015-2016 жылдары Амангелді ауданының Қазыбек Абенов атындағы мәдениет үйінің директоры қызметін атқарған.
2017 жылдан Амангелді аудандық мемлекеттік архивінің басшысы қызметін атқарған.
2019 жылдан Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінде «Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.Еңбек өтілі: 35 жыл.Осы жылдар ішінде аудандық,облыстық Республикалық Құрмет грамоталарымен марапатталған. Облыс,аудан әкімдіктерінің Құрмет Грамоталарымен және аудандық «Нұр Отан » партиясының грамоталарымен марапатталған. «Қазақстан маслихаттарына 25 жыл» медалінің иегері.
Құрметті жерлестер!!!
Өз жерімнің патриоты және«Нұр Отан» партиясы атынан праймеризге қатысушы үміткер ретінде менің ең басты мақсатым-туған жерімнің білім саласы және мәдениетінің дамуына өз үлесімді қосу.Жеткілікті білімім және жоғары деңгейлі тәжірибем болғандықтан,бәріміз лайықты өмір сүруге барынша күш салуға дайынмын.Сайлаушыларымның мүддесін қорғауға,көтеруге, және ауданымыздың,ауылымның маңызды мәселелерін нәтижелі шешуге білімім мен жылдар бойы жинаған іс-тәжірибемді кеңінен жұмсайтын боламын.
Сайлау алды бағдарламамда:
1.Өзім білім саласында қызмет атқарып жүргендіктен, педагог қызметкерлерінің жағдайын жасауға,педагогтардың мәртебесін көтеруге,оларды үнемі қолдап отыруға,адами құқығын қорғауға ,қолдауға ат салысамын.

  1. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында білімді ақпараттандыру талаптарына сәйкес мұғалімдердің жаңа формациядағы жалпы білім және кәсіби даярлығының сапасын арттыруға ықпал жасаймын. Жаңа формациядағы білім-оқушыларға заманауи оқу бағдарламаларын меңгеруге,танымдық көзқарастарын кеңейтуге септігін тигізеді.
  2. Шығармашылықпен айналысатын мұғалімдер мен дарынды оқушылардың мәдени және зияткерлік даму деңгейін көтеру барысында аудандық,облыстық,республикалық, көлеміндегі іс-шараларға белсене қатысуына ықпал жасаймын.
    4.Мен ауыл тұрғыны ретінде ауылдың барлық тыныс-тіршілігі көз алдымда , ауылды тұщы сумен жабдықтау,кең жолақты интернет желісін іске қосу жұмыстарына тиісті мекеме басшыларымен байланыса отырып, орындалуына бар күшімді саламын.
    5.Әлеуметтік жағдайлары төмен тұрғындарға:зейнеткерлерге,көп балалы отбасыларына ерекше көңіл бөліп отырамын.
    6.Ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттік ауыл шаруашылықты қолдауға арналған бағдарламаларға қатысуына ықпал жасаймын,несие алуына көмектесемін.
    7.Ауыл төңірегінде орналасқан білім беру,денсаулық сақтау, және басқа да әлеуметтік маңызды нысандардың тұрақты жұмыс істеуі,халыққа тұрақты қызмет көрсетуін назарда ұстаймын.
    8.Маңызды мәселелерді шешу үшін сайлаушылармен тиімді қарым-қатынас жасау үшін қоғамдық қабылдау ұйымдастырып отырамын.
    Құрметті менің сайлаушыларым!
    Аудандық мәслихат депутаты болып сайлана қалсам,Сіздердің сенімдеріңізді ақтау үшін менің алдымда үлкен мақсат тұрғанын жақсы түсінемін. «Халық сенімінен шығу-қасиетті парызым»- деп, түсінемін.Өзімді сайлайтын сайлаушыларымның сенімін ақтау үшін депутаттық құқығымды толық пайдаланамын және жоғарыдағы бағдарламадағы жоспарланған жұмыстар орындалады деп сіздерді сендіремін. Мен сіздердің сенімдеріңізден шығамын! Мен сіздермен біргемін!

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.