Қырмызы Жаңбыршина: «Қоғамға өз үлесімді қосқым келеді”

Салем, достар! Қалай ойлайсыздар, патриот деген кім?
Меніңше, патриот – ол Отанға қызмет етуші адам, ал Отан дегеніміз ең алдымен халық.
Отанға қызмет ету, оны сүйіп, ардақтау – әр адамның ел аолдындағы парызы мен азаматтығының белгісі. Мен де өз елімнің дамуына, теңізге тамған тамшыдай болса да өз үлесімді қосқым келеді.
Қазақта «Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды» деген нақыл сөздер бар. Ең алдымен қоғамның береке – бірлігі бекем болу керек.
Билік пен қоғам бірге болса ғана біз ел боламыз. Бәсекеге қабілетті ел болу үшін қоғам мен биліктің арасы алшақтамау керек, бір – біріне сенімі күшті болу керек.
Халықтың үніне әрдайым құлақ асу, уақыт талабына сәйкес шұғыл шешім қабылдау, тағы басқа көпшілікті толғандырып жүрген көптеген мәселелерді пікір талқысына салатын маңызды диалог алаңдарының бірі – праймериз.
Мен, Жаңбыршина Қырмызы Сапар қызы, праймериз-2020-ға қатысамын! Nur Otan партиясы алғаш рет, осындай үлкен мақсатпен, кең ауқымда ұйымдастырып отырған праймериз, оң нәтижесін беретіні сөзсіз! Әрине, күш-жігерімді, өмірлік тәжірибемді қоғамдық жұмыстарға жұмсап, елге адал еңбек ету, менен үлкен жауапкершілікті талап етеді, сондықтанда ойлана келе, бұл іске дайынмын деп шештім.
Осы орайда, мен Қазақстан әйелдер күші Альянсына маған сенім артқандары ушін ризашылығымды білдіремін.

Recommended For You

About the Author: Syntas

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған